Танаубай мен Балаубай
Бұл бетте «Танаубай мен Балаубай» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Біреу мал, біреу бал жесе,
Біреу қазы мен қарта, жал жесе,
Біздің Танаубай минут жейді.
Балаубай оны былай суреттейді:
— Танаубай кешігейін деп кешікпейді,
Және де "тамағым тесік " дейді.
Бір нәрсе тауып жұтпасам,
Оған тығын тықпасам,
Өңеші құрғыр жыбырлай береді.
"Жұт - жұт " деп жыбырлай береді.
"Жұтқызатын кім болар " екен деп,
"Қолыма бүгін кім қонар " екен деп,
Айналақтап жүріп алданып қаламын,
Болмашыға малданып қаламын...
Осы қылығын білдірмейін деп,
Жұртты күлдірмейін деп,
Өтірік айтып бөсетіні бар,
"Бірде насыбай шақшам қалып " деп,
"Әйелімнен тыққан ақшам қалыпты "деп,
Жоқты сылтауратып, қызметтен кешігеді.
Мұндайда таныс табыла кетеді,
"Қызылды " қойып "ағына " көшеді,—
Сонымен танаулап Танаубай кетеді.
Осы қызудың үстіне Балаубай жетеді.
Кеңсеге келсе бастығы қысады,
Далаға шықса мастығы қысады.
Кеш келіп, жұмыстан ерте кетеді,
Онымен қоймай,
Бір-екі кісіні ерте кетеді.
Бірақ айлық жүріп жатады,
Оны кім біліп жатады.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі