Шеге мен балға

Бұл бетте «Шеге мен балға» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 2
  • 12356
Кім білген оның неге екенін,
Балға шегенің шеге екенін
Біле тұра сұрады:
— Неге ылғи бір орнында тұрады?
— Шегенің міндеті сол, —
Деп еді ол.
Балға тағы білгірсіп,
Сөйлеп тұр күлгірсіп:
— Мен төбеңнен ұрмасам,
Тас табандап тұрмас ең.
— Мен болмасам неге
Керегің бар ? — деп еді шеге.
Балға сөзден ұсталды,
Әңгіменің желісі қысқарды,
Бірісіз бірі болмайтынын,
Майдасыз ірі болмайтынын,
Балға сонда түсінді,
Екеуара мынаны ұсынды:
— Сен қынжылмай ұра біл,
— Сен қынжылмай тұра біл.
Шегені балға,
Балғаны шеге жасайтынын,
Оны неге жасайтынын
Білмейтіндер жоқ емес,
Әрине, көп емес...
Сонда:
Бұл мысалдан мына қорытынды шықты:
Әр нәрсе өз орнын тапса мықты.


Пікірлер (2)

Нұрислам

Өте жақсы. Ағайдан бес алдым

аида

өте қызық

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шеге мен балға өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Шеге мен балға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шеге мен балға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шеге мен балға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері