Күншілдің күңкілі – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Күншілдің күңкілі» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қарға тыңдап бұлбұлды,
Қатты қынжылды,
Қабағы түйілді,
Бұлбұлға бұлай бұйырды. —
Немене сонша шырылдап,
Көрінгеннен жыр ұрлап.
Жылаудан басқа білмейсің,
Өмірі бір күлмейсің,
Еңірейсің, сарнайсың,
Ылғи ғана зарлайсың,
Неге бір қаттырақ,
Тыңдауға жақсырақ,
"Қақ "— дейтін дауыс таппайсың,
Мұнымен жанға жақпайсың,
Айда жөнел, кет! — деді.
Басқа айтуға ақыл жетпеді.
Күншілдің сол ғой күңкілі,
Бүкпесіз, бірақ, шын сыры,
Бұлбұлды сөйтіп қарғаған
Сақтасын құдай қарғадан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күншілдің күңкілі өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Күншілдің күңкілі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күншілдің күңкілі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күншілдің күңкілі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері