Майлық пен сулық

Бұл бетте «Майлық пен сулық» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Майлық пен сулық бірге өсті,
Бірде жаңа, бірде ескі.
Болып жүрген байғұстар,
Бір күндері тілдесті.

— Майлық! — деді сулық,
Сөзінде жоқ қулық, —
— Мен ылғи тазамын,
Қалай тозамын ?

Сен болсаң күнде,
Әсіресе түнде,
Майлы сорпаға батып,
Сауыстанып қатып,
Суыққа тоңбайсың,
Дәл мендей болмайсың! —

Дегенде майлық түйіліп,
Ызаланып, күйініп,
Тілдеп алды сулықты:
— Өмірден қалып қойып,
Білмей қапсың қулықты:
Майлық та, сулық та
Бұл уақта,
Қожайынның жеңі,
Тегі...
Ішіп-жемі,
Білінбесін дейді-ау,
Жұрт көзіне ілінбесін дейді-ау...
Қалай соны сезбейсің,
Айыптыны сырттан іздейсің.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Маденбекова Айгуль.

Олен создери женил , магыналы , тез жатталады.

Осы автордың басқа өлеңдері