Волга-Дон – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Волга-Дон» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1170
Кездеспеген ежелден
Бірі — мен, бірі — Волга-Дон,
— Кездесіп бүгін кезеңнен
Толқындар түсті жолға кең...
Көбігін шашып ақ жалын
Көкала бұйра қос өзен,
Аймалай сүйіп жан-жағын
Ақты қырды кесе өзен!
Бес теңіздің бесігі
Цимлян шалқып тербелді,
Ашылып ырыс есігі
Сүйсіндірді көргенді.
Міне, Сталинградтың
Су қоймасы шам жақты,
Сонау жыл... қазған солдаттың
Траншейін гүл жапты...
Шомылдырды шөлейтті
Өзен мен біздің ұлы күш,
Кестесін көкшіл көбейтті
Көкала жұмыр глобус.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері