Тайыр Жароков

Тайыр Жароков туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.

Автор туралы

Жароков Тайыр (26.09.1908, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жетібай ауылы — 11.03.1965, Алматы) — ақын.
1923 — 1927 жылы Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында,
1928 — 1932 жылы ҚазПИ-де,
1934 — 1935 жылы Ленинград тарих философия және әдебиет институтының аспирантурасында оқыған.
1932 — 1933 жылы жаңадан құрылған Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комитетітінің хатшысы,
1933 — 1934 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы,
1936 — 1938 жылы “Қазақ әдебиеті” газеті редакторының орынбасары,
1938 — 1942 жылы Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы қызметтерін атқарды. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1946 — 1965 жылы Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі “Жазушы” баспасы) жауапты қызметтер атқарды.