Бейбітшілік
Бұл бетте «Бейбітшілік» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әлемге бейбітшілік қанат жайған,
Күштірек халық күші нажағайдан,
Біздің ел шындығының шұғыласы
Адамзат жүрегіне нұр боп жанған!
Біздің таң шұғыласынан тәлім алған
Елдерге керегі жоқ қанды майдан!
Жыртқыштар, Вашингтон қаласынан
Лепірме:— Саламын деп әлемге ойран!
Жеңімпаз ұлы Совет мемлекеті,
Әділдік сәулесінің нұр келбеті,
Жер шары келді мықты бір түйінге
Лапылдап жанбасын деп соғыс өрті!
1950
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі