Өмір. Өлшем. Өлең – Алтынай Алиева

Бұл бетте «Өмір. Өлшем. Өлең» атты Алтынай Алиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өмір. Өлшем. Өлең

"Секундқа" озық ой сияды,
Ұшқыр ғой адамның қиялы.
Сынақтай сыбаса секундтар,
"Қас - қағым" өмірді қияды.

"Минутта" мерзімнің бөлшегі,
Өмірдің өзекті өлшемі.
Біреуді минутта қуантып,
Түсіре аласың еңсені.

"Сағатта" уақыттың құрағы,
Әр сәтте тосын сый тұрады.
Жақсымен өткерген уақытың,
Сарқылмас қазына бұлағы.

"Тәулікке" тәуелді ғұмырың,
Тәулікте биіктер тұғырың.
Бақ қонса біреуге, тәулікте,
Тағынан түседі ұлығың.

"Аптада" аптығып жеті күн,
Уақыттың табады тетігін.
Жан сарай толықса-айбыным,
Пайдасыз сарқылса-жетімім.

"Айларың" өтуде бір деммен,
Жүректер жаралы - күлгенмен.
Періште көңілдер кірленді,
Пенделік өмірді сүргеннен.

"Жылдарың" жылжиды әр қалай,
Мезгіл мен мекенді таңдамай.
Жармасып жүрсек те, "жастықтан"
Алшақтап кетеміз аңдамай.

"Ғасырдың" өзіндік сәні бар,
Сабырлы өмірдің мәні бар.
Иманның жұпарын сепкендер,
Жұмақтың інжуін тағынар...

#Жүректегіжазбалар Алтынай Алиева.
15.01.2021ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір. Өлшем. Өлең өлеңінің авторы кім?

Алтынай Алиева — осы өлеңнің авторы.

Өмір. Өлшем. Өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір. Өлшем. Өлең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алтынай Алиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмір. Өлшем. Өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері