Туған тілің – тұмарың – Алтынай Алиева

Бұл бетте «Туған тілің – тұмарың» атты Алтынай Алиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Туған тілің – тұмарың

Туған тілмен тербелсінші бесігің,
Бөбегіңнің қазақша айт есімін.
Қандасым-ау, қасиетті басыңда,
«Алтын тəжің» туған тілің несібің.

Ерігің бар, өз тіліңмен өнуге,
Адам боп кеп, қазақ болып өлуге.
Өзектерін өртеп кетсін өзгенің,
Ана тілім қалықтасын көгімде!

Оян досым! Байқаусызда көз ілсең,
Бойыңдағы тектілікті сезін сен.
"Қазақ тілім!" Қырандайын қалықтап,
Көк төсінде қуатты елдің көрінсең.

Туған тілім, тағдырыңа алаңмын,
Ұлт байрағы, ұлағаты бабамның.
"Тұмар" қылып тақсам теңдік төріне,
Қасиетің ақ сүтіндей анамның.

Алтынай Алиева
#Жүректегіжазбалар
13.10.2017ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған тілің – тұмарың өлеңінің авторы кім?

Алтынай Алиева — осы өлеңнің авторы.

Туған тілің – тұмарың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған тілің – тұмарың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алтынай Алиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған тілің – тұмарың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері