Арал теңізінің хаты

Бұл бетте «Арал теңізінің хаты» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1416
«Егер балықшылар қол ұшын бермесе, орыстар мен мұсылмандар, отырықшылар мен көшпенділер — бәрін бірдей сұм ажал күтіп тұр... Біз осылай еткенде ғана Совет өкіметін сақтап қала аламыз...»
Халық Комиссарлар Советінің председателі В. Ульянов /Ленин/
В. И. Лениннің Арал теңізі балықшыларына хатынан.

Уа, Ильич, қанық ең сырыма сен,
Тұңғиық теңіз едім тұнық әсем.
Баяғы өзің көрген Аралыңмын,
Хат жазды деп қуанған ұлы Көсем!
Басымнан бұл-бұл ұшты бақ, ғажабым,
Туған ел тағдырымның тартты азабын.
«Арал...» деп хат жазып ең ана бір кез,
Мен енді о дүниеге Хат жазамын!
Айқасып ажал, Өмір сайысқанда,
Жанардан найзағайлы жай ұшқанда.
Есіңде болар, Ильич, Хат жазғаның
Ресейдің қабырғасы қайысқанда.
Ізіңе ізгілікті бастан еріп,
Болашаққа біз қадам басқан едік.
Хатыңа үнін қосқан Аралыңмын,
Жатқанда Волга бойы аштан өліп!
Көрмеген асау едім жаным жасып,
Бұл кеудем алай-түлей ағынға асық.
Барады қақтан безген киіктейін,
Теңіз қашып теңізбен бағым қашып.
Ел қашып көрмеп еді бейнет деуден,
Өзіне табиғатты билетпеуден.
Мен тұрмын тағдырымның апатында,
Қайғылы қасіреттен күйреп кеудем.
Дүнием толқитын-ды тасып ерен,
Күллі әлем сымбатты еді, ғашық ерен.
Аралды Арал демей, дәл бүгінде —
Әлемдік ұлы апаттың басы дер ем!
Баяғы қайда кеңес, келісімдер?
«Бәрі де халық үшін, ел үшін»—дер!
Аралға жазған Хатың есіңде ме,
Одүниеге хат жаздым, қол ұшын бер!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арал теңізінің хаты өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Арал теңізінің хаты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арал теңізінің хаты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арал теңізінің хаты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері