Ақын шықты ат арытып торғайдан – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Ақын шықты ат арытып торғайдан» атты Шөмішбай Сариев жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 980
Менің әрі атам, әрі ұстазым, әрі досым қазақтың ақыны — Ғафу Қайырбековке арнаймын.
Автор

Ақын шықты ат арытып Торғайдан,
Жолығады Бақытына жол қайдан?!
Жүрегінде найзағайша от шашып,
Сол арпалыс, Сол бір айқас, Сол Майдан!
Алатауға ұзағандай қиялы,
Ыбырайдай ортасы бар зиялы.
Ақын шықты ат арытып Торғайдан,
Ахаң менен Міржақыптар тұяғы!
Арқалы ақын ала-тұғын ол орап,
Сансыз тағдыр кес-кестеді жол орап.
Бір қалыспай, Өкшелесіп Сырбайдан,
Келе жатты, Жарқыл қағып сол орақ!
Қызығатын, қайран қалып, сүйіп кеп,
Шаншығанда жыр уығын иіп кеп.
Қастерлеумен Қасым ақын жырларын,
Қасымменен дәурен кешті биіктеп!
Құдай берген жарқылдатып тіліне от,
Ақын еді той-думансыз күні жоқ.
Әдебиеттің алға тартты керуенін,
Ғабаң, Сәбең ағаларға іні боп!
Бірде дана, бірде сәби бала еді,
Бір туатын, қайталанбас жан еді.
Жазушылар Одағының сәні еді,
Ортамызда ұлы тұлға аға еді!
Таңырқатып, мынау ұлы мекенді,
Ел алдында талай парыз өтелді.
Күлкі-әзілмен, көрікті оймен көркейіп,
Ақындықтың абыройын көтерді.
Талай майдан өртінен де сау қалып,
Бұлт тіреліп, жаңғырыққан тау барып.
Дағыстанның Ғамзатовын сөйлетті,
Бір кітабын, үш аптада аударып.
Дөңгеленген дүниеден жоқ қашты,
Сан көміліп, сан сарайлар тот басты.
Бірде Пушкин, Бірде Байрон тілімен,
Барша қазақ жүрегіне от шашты.
Қанатты еді, қия-шыңға қонатын,
Жаны — жырға, кеудесі – отқа толатын.
Майдайына біткен Ұлы Қазақтың,
Қайырбеков Ғафу еді, сол Ақын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын шықты ат арытып торғайдан өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Ақын шықты ат арытып торғайдан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын шықты ат арытып торғайдан өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын шықты ат арытып торғайдан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері