Ей, дүние, жаныма дем бересің –
Шөмішбай Сариев
Бұл бетте «Ей, дүние, жаныма дем бересің» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ей, дүние, жаныма дем бересің,
Демің тартып ішіңнен сен келесің.
Киелі қара ормандай жайқалып бір,
Ғажап толқын — ұрпақпен тербелесің.
Ей, дүние, жүректе қан ойнаттың,
Қан тасытып, кей-кейде абайлаттың.
Сүріндіріп, кей-кейде құлап тұрып,
Тіршіліктің тағдырын сан ойлаттың.
Ей, дүние, жиылып көзіме ендің,
Мендей ме екен, білмеймін, сезімі елдің.
Сан қилы, сан тараулы ұлы жолда,
Ерітіп, кей-кей жанға өзім ердім.
Мені де мойындайтын кезі келер,
Ақынның құпиялы — сезімі — өнер.
Ей, дүние мен сенің бөлшегіңмін,
Бір өзіңнен бөлініп, өзіңе енер.
Тыншымай таңғажайып мына тылсым,
Кеудем — толқын көгіме бір атылшы.
Жүрегіме дем беріп Ей, дүние,
Сен көзімнің алдында тұра тұршы...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі