Айналамда кұстар үні, құс үні

Бұл бетте «Айналамда кұстар үні, құс үні» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1468
Айналамда кұстар үні, құс үні,
Құлағымнан, жүрегіме жеткен бір.
Табиғат-ау, жасыл-желек пішіні,
Мені қоршап, айналамда көктем жүр.
Аман болса қауіп пенен қатерден,
Бұл тірлікке сапар кешкен жол — бақыт.
Осы көктем, мені өмірге әкелген,
Жан анаммен бірге өзі толғатып.
Бір үмітті ұялатып көңілге,
Мезгілімен келген маусым — әр қонақ.
Осы көктем, көз ашқанда өмірге,
Әлдилегеншуағымен жанды орап.
Бастау алар — тауға сүйеп иегін,
Өзендерге жүрегімді тасыттым.
Осы көктем мінезімен сүйемін,
Осы көктем жанарымен ғашықпын.
Бұлбұл әуен көктем деген қызық ән,
Аққу бейне, ару-жүзді, қыз-көрік.
Менің көктем жүрегімнен жылыған,
Үш ай қыста тас боп қатқан мұз да еріп.
Дария тасып, арнасы асып күш толған,
Өзіңе-өзің қалай ғана сиясың.
Менің көктем жүрегіме құс қонған,
Қайта оралып, салып жатыр ұясын.
Сан алуан сәулелерге боятып,
Бұл дүние жаралғандай өлеңнен.
Күнмен бірге тіршілікті оятып,
Көктемменен бірге жырлап келем мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айналамда кұстар үні, құс үні өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Айналамда кұстар үні, құс үні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айналамда кұстар үні, құс үні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айналамда кұстар үні, құс үні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері