Керей қайда барасың? – Бұқар жырау

Бұл бетте «Керей қайда барасың?» атты Бұқар жырау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.11.2015
  • 0
  • 7
  • 31949
Керей қайда барасың,
Сырдың бойын көбелеп?
Сен қашсаң да, мен қойман,
Арғымағым жебелеп.
Енді алдыңнан шығайын,
Жауған күндей себелеп.
Ақмырзамды өлтірдің,
Ақ сойылмен төпелеп.
Мен - арғын деген арыспын,
Азуы кере қарыспын,
Сен - бұзау терісі
шөншіксің,
Мен - өгіз терісі талыспын.
Абылай алдында сен бітсең,
Құдандалы таныспын.
Егер Абылай алдында бітпесең,
Атасын білмес алыспын:
Көшің кетер бір жаққа,
Малың кетер бір жаққа,
Көш соңынан жете алмай,
Есің шығар сол шақта.
Жар басына қамалып,
Жарты лашық тігерсің.
Ауызыңнан ас кетер,
Қара көзден жас кетер.
Бұ қылығың қоймасаң,
Сонау кеудедегі дулығадай бас кетер.


Пікірлер (7)

Ақерке

идеясы не туралы

Алиша

Кулумшина

Бек

Керей руы iргесiн ажыратып кошкен кез.

akosia_taehyung

나는 칭신 나비다문눌
사라니

Ерболат

Бабаларымыз жазғандары көңіліңізді шалқытып, кеудеңдегі намысын ды балқытып,шабытыңды қазақ екендігін жеткізеді ғой.Бабалар үні өшпесін!!!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Керей қайда барасың? өлеңінің авторы кім?

Бұқар жырау — осы өлеңнің авторы.

Керей қайда барасың? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Керей қайда барасың? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бұқар жырау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Керей қайда барасың? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері