Жамбасы шірігенше жатқан қар-ау – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жамбасы шірігенше жатқан қар-ау» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 555
Жамбасы шірігенше жатқан қар-ау,
Демейсің алдымда жаз, көктем бар-ау.
Айрылған ажарынан, базарынан
Бірауық аясаңшы бақтарды анау.
Жатқаның жайбарақат кімге ұнайды,
Алтын нұр қашан сені «бұрғылайды»?
Жұмағы жерге көшіп келсе екен деп,
Аузыма ала берем бір Құдайды.
Алтын нұр, «Алтынкүрек» – жылы ағысым,
Қайда əлгі... алқын-жұлқын бұла күшің?
Қамалын қардан соққан бəтшағарды
Ойдан да қырдан қуып шығамысың?
Сөйтші енді,
Сөйте қойшы тездеп кел де,
Бояу жақ бозаң дала, боз бөктерге.
...Жауып тұр жапалақтап қар маңайға,
Ауып тұр көңіл жазға, көз көктемге...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жамбасы шірігенше жатқан қар-ау өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жамбасы шірігенше жатқан қар-ау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жамбасы шірігенше жатқан қар-ау өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жамбасы шірігенше жатқан қар-ау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері