Сақта менi

Бұл бетте «Сақта менi» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 924
Сақта менi.
Көгершiндей көңiлiм аппақ едi.
Алып кетiп жүрмегей əлдебiреу
жан баспаған белгiсiз жаққа менi...
Сақта менi
Өсектен, жаладан да.
Теңеме де телiме жан адамға.
Араға түс,
Аяусыз тағдыр менi
талапайға салғанда, талағанда.
Сақта менi
наладан, намақұлдан,
Қайрылмайын қапыда қанатымнан.
Жанымда жүр,
ылғи да жадымда жүр,
Менiң үшiн жан болсаң жаратылған.
Сақта менi,
Түскенде отқа жаным,
жанарыңнан қалай тыс қап барамын?
Жаутаң қағып тұрғанда жетiмкөзiм,
Жылы сөзiң бiрауыз жоқ па, жаным?
Сақта, менi,
табаным шоқ басқанда,
Ауызынан айдаһар от шашқанда.
Жан ұшырып жеткейсiң жер түбiнен,
Көкiрегiмдi жалаңаш отқа ашқанда.
Сақта менi,
Перiштем, шамаң болса,
Керек дейсiң iлтифат маған қанша...
Ақжолтай бол,
Айшуақ ақын жаны
ақ сапарға мəңгiлiк жол алғанша,
Ақ сағымға айналып жоғалғанша,
Ақ тұманға ақ жөргек оранғанша...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сақта менi өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сақта менi өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сақта менi өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сақта менi өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері