Есек пен бұлбұл – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Есек пен бұлбұл» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2153
Есек көріп Бұлбұлды,
Былай деді: «Достым, сөзді тыңдашы,
Сені әнге шебер дейді, шын ба осы?
Қойып барлық құлқымды,
Құлағыммен естіп салған әніңді,
Білсем деп ем бейіміңді, әліңді».
Бұлбұл сонда өнеріне салып бір,
Құйқылжытты анық бір:
Мың түрлі әуен таратылып қайдағы,
Кейде кетті үн талып бір.
Кейде нәзік сыбызғыша сайрады,
Кейде нұрдай шашырады айдағы.
Барлығы ұйып бабында,
Құлақ түрді таң жыршысы әніне:
Тына қалды жел де, құстар әні де,
Жатты тыңдап табын да.
Малшы-дағы демін тартып жайлады,
Тек кейде бір қас қағымда
Кемпіріне күле қарап жайнады.
Әнші бітті. Есек біраз толғана:
«Кәдімгідей дауыс, – деді, – бұл дау ма?
Болады екен жалықпай-ақ тыңдауға.
Өкініші сол ғана –
Әтешпенен сәл ғана
Таныс болып, тыңдағанда өлеңін,
Аз да болса артар еді өнерің».
Бұлбұл сондай естіген соң шатпа сын,
Ұшып кетті алыс бұрып ат басын.
* * *
Құдай мұндай сыншылардан сақтасын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есек пен бұлбұл өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Есек пен бұлбұл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есек пен бұлбұл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есек пен бұлбұл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері