Жұпарға – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жұпарға» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 976
Тамағың пiсiп тұрса түсте сенiң,
Тарығып, мұнша əуреге түспес едiм.
Дəм түгiл талқан ғұрлы татымы жоқ
Сорпасын өзағамның iшпес едiм.
Үзiлiп тұрмаған соң емешегiм,
Тағдырмен таңнан тұрып егесемiн.
Қазақтың қамыр салған етi болса,
Палауын өзағамның жемес едiм.
Жау менен жоқ ежелден жатқа сенiм.
Жанымның жардан бөлек таппас емiн.
Қымызым қыз-қыз қайнап тұрса алдымда,
Орыстың ащы арағын татпас едiм.
Жайымды айтпай бiлiп тұрмағасын,
Жанымның табар дейсiң кiм дауасын.
Ташкенттiң талтүсiнен сая таппай,
Сағындым Алматының түнгi ауасын.
Қызығып қарамайды қыз десе кiм? –
Күнiне сол құрғырмен жүздесемiн.
Қасымда қалқатайым қатар жүрсе,
Көзiмдi көрiнгенге сүзбес едiм.
Тауқымет тағдыр салған бастан асты –
Соғамын тауға басты, тасқа басты.
Тəңiрiм мекендеген көк болмаса,
Тар екен ақындарға аспан асты,
Тар екен ақындарға аспан асты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұпарға өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жұпарға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұпарға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұпарға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері