Күле қарап заман тұр миығынан – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Күле қарап заман тұр миығынан» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 643
Күле қарап заман тұр миығынан.
Елес көрдім ертеңнің қиырынан...
Ұршықтайын үйірген иірімнің
Шыға алатын емеспін ұйығынан.
Салып алып салбауыр түнді иыққа
Тірі болсақ, ілгері жылжиық та.
...Түсіп бара жатырмын шыңырауға,
Батып бара жатырмын тұңғиыққа.
Зар қақсаған не қайыр тіл-жағымнан,
Жұмағымды кім жұтты гүл жамылған?
Кім құтқарар ажалдың құрығынан?
Кім босатар заманның зынданынан?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күле қарап заман тұр миығынан өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Күле қарап заман тұр миығынан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күле қарап заман тұр миығынан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күле қарап заман тұр миығынан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері