Мезгіл емес – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Мезгіл емес» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 570
Тұрғызды таң.
Тәтті ұйқымды тартып ап,
(Көкейімде өзің жайлы сан сұрақ)
Жапырақтар тереземе төнеді,
Болар болмас желемікке қалтырап.

Дәптерімде жатушы едің жырым боп,
Кешір қайың саған айтар сырым көп.
Кешіріңдер жапырақтар жүрегім,
Қалтырайды сеннен бетер дірілдеп.

Ары-бері жүріп алдым сенделе,
Елегізем бір әуенге мен неге?
Теңселудің білмеуші ме ең азабын,
Ей желемік жапырақты тербеме!

Жалт қаратып назарымды бұрғызған,
Кеш болғанда сәлем жолдап жұлдыздан.
Бебеулетіп маза бермей жүрекке,
Мезгіл емес сен ұйқымнан тұрғызған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мезгіл емес өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Мезгіл емес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мезгіл емес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мезгіл емес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері