Оңашада әлдилеп ойдың гүлін – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Оңашада әлдилеп ойдың гүлін» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3095
Оңашада әлдилеп ойдың гүлін,
Тыныштыққа армансыз тойдым бүгін:
Үзіліссіз сөйлейтін радио,
Оның өзін өшіріп қойдым, күнім!
Сәтті кездер сары үрпек балапан ба?
Солар қазір аялы алақанда.
Тоңған күшік секілді бүктетіліп,
Тіл қатпайды сөзуар телефон да!
Мұндай сәттер түсе ме қолға тағы?
Беймаза кез,
Жаныма сол батады...
Дулы өмірге жерік боп,
Өнер-ана
Шулы өмірден аулақта толғатады.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері