Өлең, жыр, ақындар

Көкшетау

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1437
Көкшетау – көк күмбездей төңкерілген,
Орманмен сексен көлі көмкерілген.
Аралы мұхит-түздің – алтын бесік,
Ауысқан ертегіге ертегіден.
Шортанды, Шалқар, Шабақ, Бурабайдың
Көлдері көздей сырлы, көктей айдын.
Теңіздің тетесіндей тентек өскен,
Толқыны жағаға ұрып шашады айбын.
Тамыры табиғаттың дәрі толған,
Аңқиды, шайқаса жел, жұпар орман.
Шыңдары дулығадай шыңылдайды,
Мәлімсіз қай ғасырда пайда болған.
Көкшедей жер сиқырын көрмедім мен,
Төсіне бөбегіндей өрледім мен.
Шот маңдай батыр құзға ұқсамақ боп,
Найза ғып қаламымды сермедім мен.
Бой бермей, үйреншікті текірекке,
Шапшыды ыстық фонтан көкіректе.
Арман да, махаббат та тәтті дерт қой,
Бір емес, болдым душар екі дертке.
Серілер паналаған үңгірлері,
Ішіне кіріп барсам, дүңгірледі.
Аһ ұрып өкініштің отты селі
Шықты ма жарып содан, кім біледі!
Еліктеп сал Біржанға айқайладым,
Даусым жоқ, айтар әнді айта алмадым.
Көз салдым қыр басынан жан-жағыма,
Қай жерде жатырсың деп майталманым.
... Ұласқан көкжиекпен байтақ егін,
Тарихтың арқауы деп айтар едім.
Ата Асан, енді іздесе жер ұйығын,
Таптым деп, Көкшетаудан қайтар едің.
Хош болшы, айналайын Көкшетауым,
Қаланған шебер қолмен текше тауым.
Кеудемде сағыныштың сары бұлты,
Сорғалап көк сиядан құяр жауын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қаратау өрнектері

  • 0
  • 0

Қаратау – мәңгіліктің белгісі ғой,
Мен көрген – бертіндегі елдісі ғой.
Жаңарған елу жылда елде арман жоқ,
Жоқтарым – ежелгінің шерлісі ғой.

Толық

Энциклопедия

  • 0
  • 0

Саусағымды қаусатады кейбір дос,
Ендің – деп – сен, «Энциклопедияға».
Құттықтауына, әрине, көңілім хош,
Бірақ өмірім жарты бетке сия ма?!

Толық

Жуа

  • 0
  • 0

Газеттер болды дастарқан,
Басында мөлдір бұлақтың.
Бокалда толқып атқан таң,
Моншағы тамды сынаптың.

Толық