Сары жайлау – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Сары жайлау» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 2006
(Әбікен Хасеновке арналған)

Шалқытшы аға, «Сары жайлауды»,
Күй сағымын белестетіп;
Сыңғырлы өзен, самал тауды
Көз алдыма елестетіп.
Сіңлісіндей Сарыарқаның –
Сыңсытшы, аға, «Сары жайлауды».
Күй сиқырын жаратамын,
Қыздың ұзар назы аяулы.
Сағыныштан сап-сары боп,
Көп боздаған Бозінгендей;
Әуеннің бұл аңсары көп,
Жаның сезер, өзің білмей.
Төгілтші, аға, «Сары жайлауды»,
Тұла бойым шымырласын.
Әлемде асыл не қаяулы,
Жүрсгіме сыбырласын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері