Өсек-аяңнан аман жүр едім – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «Өсек-аяңнан аман жүр едім» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1700
Өсек-аяңнан аман жүр едім,
Сөздерден ерген жаман жүдедім.
Бір-ақ қаңқу сөз жетеді екен ғой,
Ауырту үшін адам жүрегін.

Тапталып сосын көкке ұлып кетем,
Ақталып елге кек қуып нетем?
Өшігу үшін замандасыңа,
Ғайбат сөйлегені жеткілікті екен,

Жарылып кейде кетесің жаздап,
Шешеден сыбап, әкесін қозғап...
Заңға да бір күн демалыс болса,
Алатұғын бір, кек, өшімді аздап.

Өсекші жанға кім ерсін ездік,
Сыртымнан іштей күлерсің, сездік.
Маған біреуді өсектей көрме,
Мені де бір күн жүрерсің сөз қып.

Ғайбат көлінде, ей, інім жүзген,
Сен де аулақ "қатын", пейілің бізден!
Мейірімсіз боп кетіп барамын,
Соғысам деп сан мейірімсізбен.

Сабыр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері