Бола ма? – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «Бола ма?» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 953
Ақты - қара, қараны - ақ деп тануға,
Бола ма екен аққа күйе жағуға?
Бола ма екен қараны ақтап алуға?
Болады екен.
Ар сондықтан налуда.

Қазiр менiң iшiм толы наз, өкпе,
Осы бiзге шындық заты қажет пе?
Өтiрiктi жұқтыртыпты кей арна,
Жұқтыртыпты анау тәуiр газет те.

Шындық шықса өтiрiктiң жағына,
Ақ, Қара ма, қалмайды ғой мағына.
Жұғып кетiп жүрмесе екен сол iндет,
Бiр күндерi менiң ғазиз жаныма!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері