Бұлбұл таңның бүлкілдеп – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Бұлбұл таңның бүлкілдеп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 552
Бұлбұл таңның бүлкілдеп,
Үні оянып келеді.
Көкжиектің біртіндеп,
Күн оянып келеді.
Тірлік тағдыр қарысқан,
Мені сыртқа тебеді.
Қамаудағы ой, арыстан,
Міне, оянып келеді...
Жалын шашса ақырып,
Жеңіліп, не жеңеді.
Әлін білмей атылып,
«Айға шауып» өледі
Өлмесе, қалай көнеді?...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері