Адамзатпен адаммын бір туысқан – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Адамзатпен адаммын бір туысқан» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 686
Адамзатпен адаммын бір туысқан,
Туысқанға болады күлкі дұшпан.
Қайран елім! Айыпсыз аққулардай,
Атылған оқ дауысынан үркіп, ұшқан...
Жүрегімнен адамсыз, от алмай жыр,
Көрінеді кең жайлау жапандай бір.
Қанатына тағы да тас тиердей,
Аққу елім келуге бата алмай жүр.
Тыныштығын тұрған соң Күн-ай бағып,
Өңі кіріп, жатыр жер шырайланып.
Қонарын, не қонбасын білмей аққу,
Айдынын жүр бір кезгі шыр айналып.
Алаулап тұр, ақ жүзін беріп таңдар,
Сағынышпен сабағын өріп талдар,
Ән-жырыңды аңсаған ата мекен,
Айдыныңа қоныңдар қорықпаңдар,
Айдыныңда ән салып, қалықтаңдар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері