Жалғыз дән – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жалғыз дән» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.01.2018
  • 0
  • 0
  • 2651
Ежелден бізге, досым-ау,
Өмір мен өлім бұйырған.
Жер-ананың осынау,
Тұңғышы екен түйір дән.
Сол үшін қымбат ол маған,
Осы ғой нәрім, қорегім.
Әлі де пісіп толмаған,
Өзімді бір дән көремін.
Талайдың шешіп тағдырын,
Талайдың тамған көз жасы.
Суарған қанмен тамырын,
Бабамның бір дән өз басы.
Қарашы байқап, достарым,
Сонау бір белден андыздан.
Өткеннің бітпес дастанын,
Баяндап берер жалғыз дән.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері