Москва
1
Құстарға қызығушы ем бала кезде,
Көтеріле ұшқанда ол ілезде,
Деп ойлаушы ем, «шіркін-ай, дәл осындай,
Қос қанат көкті шарлар бітсе бізге!»
Міне, кәзір, келемін шарлап көкті.
Самолет Москваға қойған бетті,
Бауырына жиыра дөңгелетіп,
Кейін серпіп тастайды төңіректі.
Желді жайпап ілгері ол ытқанда,
Дауысынан дүрліге құс жытқанда,
Жер бауырлай ұшқанды місе тұтпай,
Әрі шырқап кетеді бұлттан да.
Бір емес, талай шықтым бұл сапарға,
Ауыл, қала немесе малды отарға
Түссе көзім, түп-түгел тани кетем,
Тұрғандай бәрі түгел алақанда.
Алматыдан ұштық біз түнді тіле.
Түн мен бұлтты қабаттай кейін түре
Самғағанда, шыққан күн сәулесіне
Шағылыса шұбалып көрінді Іле.
Жолбарыстай жолақ жон,— сары тау құм,
Құтты мекен малдарға нелер жүз мың,
Белестене біраз жер жарысып ап,
Артымызда қап қойды, әне, біздің!
Сәлем, Балқаш!.. Білем мен байлығыңды.
Сен барда мыс жетпес деп қайғыруды
Ұмытқам!.. Досқа күліп, дұшпаныңа
Айқайлап көрсетіп қой айбыныңды!..
Даласы селеу, қыры жақпар тасты,
Сілтедік Арқаға да біз құлашты.
Көз алдымда тұр міне, түсті түгіл
Қабат тастан тон киген оның асты.
Тереңнен көмір, мысын, алтын, жезін
Аралап талай рет көрген көзім.
Сондықтан, еске түскен минуттарда
Жүргендей шахталарда алам сезім.
Керіліп одан әрі кетті Сибирь.
Егін, шөптің, орманның құты боп бір.
Кей тұстарда мал да жоқ, адам да жоқ,
Үңілгенмен көрмейсің ешбір қыбыр.
«Шіркін-ай,— дейсің сонда,— осынау тыңнан.
Ішінде құнарлы жер шулап тұрған
Малдарды шығарса айдап!.. «оған да қол
Жетеді деп сенесің біраз жылдан!»
Оралдың кірдік, міне, жынысына.
Орыстың біткен бай тау ырысына.
Жетпейді ешбір күш те оны алуға,
Құрсанса Оралдың мол құрышына.
Орыстық, арғы бетте, қалын, орман.
Селолар қатарласа жиі қонған.
Кесіліп жатыр Волга, орыс жерін
Белдеулей ағып, ойын-қырын шолған.
Соншама кең өлкені өрлей етіп,
Бұйра бұлттың үстінен көлбей етіп,
Сол күні келіп қаппыз Москваға,
Жамылған шақта ымырт, түнделетіп.
2
Москва, есіміңді әл-қуат қып,
Көрсем күш алам, сансыз киловаттық.
Бақытына адамзаттың жаралғансың,
Тарайды сенен ырыс, сенен шаттық.
Орыстың ата мекен астанасы.
Жау алмайтын берік Ақтас қаласы.
Сан ғасыр сақталып кеп, Октябрьден
Тарихтың болдың жаңа бастамасы.
Нарт қызыл Кремльге ту ілінген
Ойлансам ертеңің зор бүгінгіден.
Ғасырлар ғана емес, дәуірлердің
.Арқаңа арттың тиеп жүгін бірден.
Қиынға бар қаладан бұрын кірдің.
Досқа жылы, дұшпанға қырын кірдің.
Болса да қандай алып, ұстасқанды
Не өлтіре жықтың, не сүріндірдің.
Жаулап алып, ішіңе беки келген,
Жынды адамдай еліре, көки келген
Фашисті жойып, достық туын тіктің
Берлиннің арасына Пекинменен.
Бірдей танып жуығың және қияң,
Үлгі алар алдымда, сен деп, ұям,
Жауға тізе бүкпеуге белін буды,
Әртінде Ханой, бертінде Пхеньян.
Әлі де талай қала алмақ үлгі.
Алса үлгі, өлтіре жауын бүрді.
Бар жүректі идірдің бостандықшыл,
Бостандықшыл сүйдірдің барлық тілді.
3
Москва мейірімді, жылы жүз деп,
Ең алғаш мен де сені бардым іздеп.
Сол жолы не көргенім көз алдымда
Қаз-қатар бола ғап тұр, кәзір тізбек:
Айнала шарылдаған трамвайдан,
Адамдай есі ауып, мыйы айналған
Қазандық вокзалдың іргесінде
Аз тұрдым, шыққанымды білмей қайдан
Шуларын трамвайдың тұрдым тыңдап,
Жөнелді жұртты артып, ырғап-жырғап.
«Автомобиль» атаулы жоқ ол кезде,
Өретін Москвада қазір мыңдап.
Бүркеді боран бір кез күңгірт кешті...
Әреңге ызың-шудан жинап есті,
Жөнелдім қала жаққа бетті қойып,
Жалдап ап фаэтонды арбакешті.
Жеккен ат болып шықты қырсау, кесір.
Өзі арық, ішінде бардай бөсір.
Сол жүріске үйренген. Божысын да
Қақпайды қаба сақал қартаң көшір.
Тар көше, биік үйлер мен көрмеген!..
Кейі жанай, кейбірі тұр көлденең.
Әлсіз жанған сәуледен көрінбейді
Кейбір үйдің төбесі, көкке өрлеген...
Кешікпей жақсы жайға орналастым.
Көншіген кезде көңіл, қарным ашты.
Сілтеді тұрғын біреу,— «сонау тұста,
Үйлері болады — деп — арзан астың».
Ақшам аз, қалтам жұқа студентпін.
«Үйлерді аса арзан» іздеп кеттім. Таптым,—
«Аңшы қатары» дейтін жерде
Асханасы: құс, балық, малдық еттің.
Таңсық көрдім құс, балық етін жорта.
«Арзан астан» қылмауға қарынды орта,
Бұлдырықтан қуырған «екінші» жеп,
«Біріншіге» балықтан іштім сорпа.
4
Аралап кеттім сол күн қала ішін.
Нелер көркем сарайлар, нелер мүсін
Тұнып тұр!.. Бәрін-дағы халық салса,
Бүгін қызмет істейді халық үшін.
Болғанмен танысқаным азырағы,
Не көрдім,— бәрі миға жазылады.
Деп сүйсінем ішімнен,— «Шіркін, орыс
Жасайсың-ау, нелер бай қазынаны!..»
Қыдырып кең қаланы жүремін де,
Отанның күрегі деп білемін де,—
Қызыл тас қамалының сыртын өрген,
Әр тұстан қарай берем Кремльге.
Бір күні оның да ішін араладым.
Ертегі сияқтанып қарағаным,
«Орыстың сан ғасырлық шеберлігі,
Осында түйіскен!» деп шамаладым.
Мавзолей сол бір тұста болды жабық.
Қасында тұрдым талай, әдейі барып.
Мен ғана емес, бәрі де жиналғанның,
Қояды тартқан демін ауыр алып.
Қайғының ізі тұра, бетте айғыз,
Бірақ, біз күрсінеміз, жыламаймыз.
Тауына ленинизм тең келмейді,
Қандай шын, болса-дағы және қай құз.
Ұстазы бар ғасырдың, өнегесі.
Бақыттың тозбайтұғын кенересі,
Өзге биік қасында оның төмпе,
Ол шыңдардың ішінде Эвересі.
Бір күні, Мавзолейде ашылды есік.
Алдымнан кетті бақыт желі есіп.
Тыныстап жатқан кесем жүзін көріп
Сан рет бұрынғыдан шықтым есіп.
Кезімменен бақыттың кенін кердім,
Ақылдың асқар биік өрін кердім.
Тыныстаған түрінде: партияға.
Халыққа бұлжымайтын сенім көрдім.
5
Сан жылдар етті самғап одан бері.
Биікке кетті ерлеп Совет елі.
Өрлеген елге басшы Ұлы астанам,—
Москва, талай рет кердім сені.
Шарықтап елмен бірге өстің сен де,
Айналды тар көшелер кәзір кеңге.
Тілдескен аспанменен көркем үйлер,
Бойында талай орам бітті демде!..
Орнына баяғы асхананың,
Көркінің бірі болып астананың,
Орнады гостиница «Москва» атты,
Әріптес теңгермейтін басқаларын.
Жасарда мәдениет сарайларын,
Кремль келбетіне қарайладың.
Ұқсаттың бәрін соның суретіне,
Бетіне түсе қалған шар айнаның.
Сол сәулең астына да түсті жердің.
Метроңды нелер ғажап тастан өрдің.
Кең, көркем, жарық, таза мұндай сарай
Бірінде жоқ Советтен басқа елдің.
Ешкім де айта алмайды саған өкпе.
Қарамай үлкен-кіші қызметке,
Жасадың бірдей жағдай: профессор,
Жұмысшы, маман, әскер, студентке.
Тұрып мен Остоженко елу үште,
Сиғанша біліміңді құйдым ішке.
Ант бердім, сол білімді қолдануға,
Шамамнан келетұғын көптік іске.
Ер жете келіп саған, оқып балам,
Боп қайтты туған жерге дыңдай маман.
Соншалық тәрбиеңе, мен ғана емес,
Айтады алғыс бізде мың сан адам.
Жаралып адамзаттың бағына сен,
Сәулеңді септік, жердің шарына сен.
Бұдан да күшейесің, жарқырайсың,
Көркейіп болашақта тағы да сен.
Үнемі тілейтінін, бейбітшілік.
Кешікпей таусылады жауың шіріп.
Достасқан дүниелік қалалардың
Тұрасың ортасында күндей шығып,
Бақыттық алшаңдасаң өрінде сен,
Отырсақ, жер шарының төрінде сен,
Алғыс айт, коммунистік партияға,
Алғыс айт, Ұлы зодчий Ленинге сен.
1925
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі