Өлең, жыр, ақындар

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым

  • 16.04.2015
  • 1
  • 15
  • 305859
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың.
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.

Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,
Оның да алған жоқ па құдай құлқын?
Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,
Сапырылды байлығың, баққан жылқың.
Баста ми, қолда малға талас қылған,
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.
Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,
Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың?
Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,
Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың?
Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың,
Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың.
Ұғындырар кісіге кез келгенде,
Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?



Пікірлер (15)

МӨЛДІР

Сіздердің жазған өлең шумақтарыңызға рахмет

Сансызбай

Бұл Абайдың зары бүгінде мағанасын жойған жоқ. Қайта күшейе түсті. Бүгін. Ақтауда дәрігердің сауатсыздығынан, қазақтың бір арысы, Қанапиянов Сәбит жолдасым, бақый болды Осыдан екі ай бұрын Астанада жүрегіне операция жасап бес күнде аяңына тұрып Ақтауға кетіп еді Бес күн бойы, жергілікті, дәріердің айтуымен қан сұйылтатын дәрілерін ішпей төрті күні мыйдың қан тамырларына тромбы кептеліп инсульт болып бүгін түнде О дүниеге аттанып кетті, О қазақ осындай дипломды сатып алған сауатсыз мамандардыңқолында арам өлеміз!!!

Айтолқын

Өте керемет,сөздерінде терең мағынасыбар

еркебулан

Өте керемет өлең

Myrza

Өте тамаша!

Руслан

Сансызбайдың пікіріне толықтай келісемін. Сонау 19ғасырда жазылса да бүгінгі күні актуалдығы арта түсті. Бас басына би болған басшылар, қолындағыны жинай алмай жүрген қарапайым халық, аузымен орақ орған депутаттар мен халықты қит етсе көтеріліске шақыратын жалған "жұрт жанашырлары".... Бәрі бәрі осы бірнеше жол өлеңнің ішіне сиып-ақ кеткендей

Əсел

Абай дана
Абай дара қазаққа Абай ата өте керемет адам жіне мен мына өлеңіне тоқталар болсам бұл өлең өте бір терең мағыналы өлең жолдыры деп білемін. Абайды білмейтін қазақ қазақ емес деген ұғымды ұмытапайық. Абай атаның өлең жолдары адамда өте ерекше сезімге бөлейді. Ал қара сөздері қатал адамды жібеітеді. Мен қазақ елінде Абай атамыз барына қуанамын.

Аяулым

Абай ҚҰнанбайұлы ең керемет ақын деп санаймын.Себебі ол кісінің көптеген өлеңдер балаларды да ересектердіде білім мен еңбекқорлыққа шақырады.Соның арқасында қазір мен Абай туралы көп оқитын болдым.Тамаша

Ақниет

Абай атамыз мен үшін бугінді кеше көрген дана,асыл жан.Қай өлңін алсақ та бәрі қоғамның,халықтың,ғасырдың шынай болмысын ашық,айқын көрсетеді.Иә,уақыт өтті.Техника ол дамыды,заман ілгері жылжыды.Бірақ сол қара ниет,іш тарлық,ұрлық-қарлық әлі келе жатыр.

Шахноза

Мен Абай туралы көөөөп нарсе білгім келеді.

Ақниет

Оте керемет олен.Себебі бұл оленде оте керемет нарселер жазылган.Маган катты ұнады

Алиса

өте керемет өлең әрі мағынасы ашық

ибрахим

керемет

Аруна

Маған ұнады. Рахмет

Пікір қалдырыңыз

Әлифби өлеңі

  • 1
  • 3

Әлифдек ай йүзіңе ғибрат1 еттім,
Би, бәләи2 дәртіңа3 нисбәт4 еттім.
Ти, тілімнән шығарып түрлі әбиат5,
Си, сәнаи6 мәдхия7 хүрмәт еттім.

Толық

Абайдың Смағұл деген iнiсiне қиыр жайлап жүргенде айтқаны

  • 3
  • 6

Тау жебелеп жортады көк бөрілер,
О-дағы ат артына бөктерілер,
Қиыр жайлап, шет қонған ағайының,
Талай жанның көзіне жек көрінер.

Толық

Әбдірахман науқастанып жатқанда

  • 0
  • 0

Я, Құдай, бере көр,
Тілеген тілекті.
Қорқытпай орнықтыр
Шошыған жүректі.

Толық

Қарап көріңіз