Өлең, жыр, ақындар

Сәкен Сейфуллинге

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 809
Кергем жоқ табиғаттан шеберді мен
Жаз, гүл, бұлбұл,... ғажайып нелерді мен
Жолықтырған шақтарда, Сәкеннен-ақ
Түгел табам «көркемдік» дегенді мен.
Жаз, гүл, бұлбұл көрікті мезгілімен,
Мезгілі өтсе тозады өздігінен. Ал,
Сәкен бар мезгілде өзгермейді,
Арнаулы ажарынан, көзге ілінген.
Әдейі тамашалап қарау үшін,
Жаралар осындай-ақ сұлу мүсін!..
Тойдырып көзді түр мен тұрпатына,
Аралап кең.бақшадай кетем ішін.
Нелер түс гүл, ғажайып нелер жеміс
Бағына жайнап өскен оның тегіс!..
Ақыл, ой, парасатын түгел кезсем,
Таппаймын бірінен де мүлтік кеміс.
Бәрі шын асылының жалғаны жоқ.
Қатар өскен, кідіріп қалғаны жоқ.
Табиғаттың өзіндей еркін өскен,—
Сырты жұмыр көрінген, жан-жағы жоқ.
Мызғымас әділдіктің берік досы,
Дерліктей досқа—«қуан!», жауға—«шошы!»
«Адам кім?» дейтіндерге табиғаттың,
Дәлелді толық берген жауабы осы!..
Ғажайып хрустальдай мың сан қыры,
Онан да кеп жалынды өлең-жыры.
Мәңгі жаса, бұған да құлпыра түс,
Қазақтың тарихының, жаңа жылы!

1936



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жазғы таң

  • 0
  • 0

Қараңғылық серпіліп,
Бозамық боп атар таң,
Бірен-саран адақтап,
Қалды жымың жұлдыздан.

Толық

Көл қанданды

  • 0
  • 0

Бір жерде он үй барды заты қалмақ,
Атасызды іргелі ел қыспаққа алмақ.
Жер-су жоқ, таянатын тірегі жоқ,
Сықылды да желге ұшар бос түп қаңбақ.

Толық

Қыран құс

  • 0
  • 0

Темір боп піскен тұрмысқа,
Еңбек деген бір құста
Болды болат жұмыртқа.
Қауызы қатып аязда,

Толық

Қарап көріңіз