Аялдамадағы сауал – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Аялдамадағы сауал» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 549
Бiр жас әйел –
тiлiп түсер санаңды –
айтып тұрды төтенше бiр хабарды:
– бiр мәшине жаңа ғана,
мүйiсте
қағып кеттi итi менен адамды.
Айналған ба –
есiркеу сөз ескi үнге.
Айналған ба –
есер жанға естiң де...
– Ит аман ба? – деп шу еттi топ кiсi
...Адам жайын сұраған жоқ ешкiм де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері