Үмітай – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Үмітай» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2018
  • 0
  • 0
  • 7324
Саусақайы салбырап,
Екі беті албырап,
Құлақайы құнысып,
Екі көзі жаудырап
Үмітім қайда жүр екен?
Ауызқайы шөмішін,
Екі меруерт аузында,
Иекейі елбіреп,
Бекейі жауқазын ба?
Үмітім қайда тұр екен?
Алдымдағы ағаштың
Алдым қолға алмасын,
Алма екен деп алғаным
Үмітайым болмасын?!
Асыл екі меруерт
Аузына салған кім?
Үмітайым тісі екен
Меруерт деп қалғаным.

1934 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері