Жапырақтар мен тамырлар – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Жапырақтар мен тамырлар» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жасанған, жасыл ағаш, жазғы күнде,
Маңайын көлеңкемен жауып мүлде.
Сыбырлап желге ағаштан жапырақтар
Мақтады көптігін де, көктігін де:
«Бекер ме, өлке көркі біз емес пе?
Кім сенер ағаш көркі біз демеске?
Көркейіп, бұйраланған бізбен ағаш,
Айбынды шын сұлудың өзі емес пе?
Ағашта біз болмасақ бар ма көрік?
Мақтансақ тұрған жоқ па жөні келіп!
Ыстықта күйген малшы, талған жолшы
Бәріне тұрмаймыз ба сая болып?
Билетіп малшыларды той қылғандай,
Ерте, кеш күй тартады бұлбұл торғай.
Самал жел, өзің дағы айналсоқтап
Кетпейсің қасымыздан байланғандай».
Дегеңде жер астынан күңкілдеді үн:
«Жән жоқ па, бізге рахмет айтатұғын.»
Жоғарғы шулап кетті жапырақтар:
«Тіл қатқан төмендегі арсыздар кім?»
– Біз солар, қараңғыда жерді қазып,
Сіздерді асыраған беріп азық.
Ағаштың тамыры – біз сізді өсірген,
Білмейсіз бұл күнгеше бізді нағып?
Қашаннан мұның бәрі белгілі ғой,
Жол болсын, көгере бер, көтеріп бой.
Аз ғана арамызда айырма бар,
Жалғыз-ақ осы арасын ескеріп қой:
Жаз сайын жапырақтар жаңарады;
Егер де десек тамыр суалады,
Болмайсыз біржолата сіз де, ағаш та,
Қопарыла құлауға қуарады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жапырақтар мен тамырлар өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Жапырақтар мен тамырлар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жапырақтар мен тамырлар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жапырақтар мен тамырлар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері