Өлең, жыр, ақындар

Көкшетау

  • admin
  • 12.09.2024
  • 0
  • 0
  • 2527
Таудағы тасқындаған ағын судай,
Өлеңім басталады таудан ұдай.
Әсемін әңгіменің көп таратқан
Айтылмай қалған екен тау мынадай:

Көк орман, көркем тоғай маужыраған,
Сұлудың көзіндей көл жаудыраған.
Малта тас, маржан, ақық, меруерт тас
Төгіліп көк жиекке саудыраған.

Бұл тауды іздейміз бе біздер шеттен,
Талайы осы таудың бізге біткен.
Мақтауға, мақтануға тұратын жер
Айтамын Көкшетауды даңқы кеткен.

Оқжетпес оқшырайып өрлеп кеткен,
Кеудесін керіп көкке сермеп кеткен.
Қия құз, жақпар сарай, бура тастар
Тәртіппен көлді айнала сәндеп шөккен.

Көкшетау жер жаннаты жеке біткен,
Бұл сұлу кең далада бойын күткен.
Жомарт тау, дастарқанды, момақан тау,
Шипа тау тазартатын барлық дерттен.

Көк кілем, балаусасы балбыраған,
Көк жібек жапырағы жалбыраған.
Ақ қант аспандағы сонда жауып,
Бал бұлақ тауданб тастан орғылаған.

Арқаның алқа қонған даласына,
Ауылдай таулар отыр жарасымда.
Алапқа бетегедей киіз төсеп,
Оранған орманды тау ағашына.

Бұлақтың тәттісі де, тазасы да,
Көлдері кең, мөлдірі тап осында.
Айдыны ала шұбар, құс қиқулар,
Ауыл, мал, масаты көл жағасында.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әншіге

  • 1
  • 2

Өлеңге көңілің құмар, даусың жытар,
Созылтып ән мұржасы созсаң зытар.
Ән сүйгіш, жылы көңіл, сөзге таңсық
Жылпыңдар жылы сөзді неге ұмытар?

Толық

Қиялымнан түңілдім

  • 0
  • 0

Қиялымнан түңілдім,
Тілегімді тауыстым;
Жемісі бос көңілдің
Тек азаппен алыстым.

Толық

Тұтқын

  • 0
  • 0

Қараңғы, дымқыл қапаста,
Отыр ем, тордан сығалап,
Еркінде шалқып жас қыран,
Жем іздеп келді жағалап.

Толық

Қарап көріңіз