Өлең, жыр, ақындар

Мұғалім

  • 08.10.2019
  • 0
  • 1
  • 10446
Ел ісін басқаратын көсем бол, сен,
Бал тамған таңдайыңнан шешен бол, сен
Батыр бол қол бастаған, тағы сондай
Салада қанша биік өсе бер, сен;
Жаса сен, қай жағдайда, қай заманда,
Әрдайым міндеттісің бір адамға;
Былайғы жақын түгіл, оның орнын
Керген жоқ басып, туған ата-анаң да;
«Мұғалім!» бұл адамның ардақты аты.
Білімдік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты.
— Ар жағы иероглиф, бергі әріп
Арқылы қандай тілде, қандай халық
Хат білсе, санасына мұғалімнен
Түседі бірінші рет сәуле-жарық.
Білімнің шарлағанда талай өрін,
Жаңалық ашқан шақта нелер керім,
Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді
Сыйлайды мәңгі-бақи беріп төрін.

1960



Пікірлер (1)

Ақерке

Өте тамаша өлең

Пікір қалдырыңыз

Неге тудым

  • 0
  • 0

Бір жетім баланың аузынан
Анамнан жарық көріп туған күннен,
Өмірде сәуле көрмей жүрген бір мен.
Басқадай балдан тәтті тұрмыс іздеп,

Толық

Чехқа!

  • 0
  • 0

Қоңырқай көкшіл көзін, күлім қағып,
Қарайсын, неге маған қиығымен?
Дейсің бе,— «түр-тұлғасы маған танық,
Мынау кім, денесі зор, иығы кен,?!»

Толық

Жас қайрат

  • 0
  • 0

Жас қайрат күндей қайнап, гүлдей жайнап,
Құлындай емін-еркін далада ойнап,
Қолға түскен шынжырлы бұғалықты,
Дырылдатып, сүйретіп кетті бойлап.

Толық