Ақтаудағы аппақ қар – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Ақтаудағы аппақ қар» атты Сайын Назарбекұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1136
Аппақ, аппақ аққудың
Ақ мамығын таңдап ап —
Себелесе ақ аспан,
Ғажайып шақ, жанға бап!
Жып-жылы қар, жұп-жұмсақ,
Мейір төккен Көкте кім?
Бал сезімге кенеліп,
Қарық болдым теп-тегін.
Дейтін болар көктемде,
Көк-жасыл боп түлесін!
Маңғыстаудың даласы
Алып жатыр үлесін.
Ақ пердесін тұтынды,
Аспан асты ағарып.
Аққа бәрі бағынған,
Аппақ бәрі тазарып.
Ғажап сезім шарпиды
Жүрек, тіпті сүйекті.
Кетсе кенет ағартып,
Шіркін, қара ниетті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақтаудағы аппақ қар өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Ақтаудағы аппақ қар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақтаудағы аппақ қар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақтаудағы аппақ қар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері