Экспромт

Бұл бетте «Экспромт» атты Айжан Табаракқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ұмытқысы келеді өткенді кім,
Тағы да құлазытты көктемгі түн.
Сіз жайлы айтар едім гүлдеріме,
Көктеп те үлгермепті бөктер бүгін.

Сөз етуден қорқамын, бәрі бізді...
Әйтпесе, сұрар ем ғой қалыңызды.
Жып-жылы жүрегімді берер едім,
Егерде жылыта алса жаныңызды.

Билеген шақ еді бұл сананы сыз.
Біздің қандай қалды енді амалымыз?
Ең əдемі ғазалды жазар едім,
Шаттықпен оқыр болса, жанарыңыз.

Жасамау керек пе еді, бұлай бәрін,
Жүз ойладым... Білмеймін, мың ойладым.
Жиі-жиі Тәңірден сұрар едім,
Жазықсыз жанарыңыз мұңаймауын.

Айтпауым керек пе еді, бұлай бəрін..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Экспромт өлеңінің авторы кім?

Айжан Табаракқызы — осы өлеңнің авторы.

Экспромт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Экспромт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айжан Табаракқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Экспромт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері