Майданнан майданға

Бұл бетте «Майданнан майданға» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1611
Сан қиындық.
Жоқшылыққа қайыспай,
Жұмыскер тап
Алға аттады майыспай.
Партия бас,
Қаруы алмас,
Қажыры тас,
Түрлі жаумен
Күресте бет тайыспай.
Сан қиындық.
Бәрімен нық, ұрысты.
Қолға ап бұрын
Болмаған зор ірі істі.
Мың-мың санды,
Түрлі банды,
Сан майданды —
Бірдей ұстап,
Бір жағынан
Құрылысқа кірісті.
Серт соғыста
Талқан болып қашқан жау,
Быт-шыт болып
Сан құралын шашқан жау
Ленин күшін
Құрған ісін.
Бөгеу үшін,
Басқа әдіспен
Түрлі күрес ашқан жау.
Енді бұғып
Майданның әр жерінде.
Қылды әрекет
Майданның сұм кенінде,
Жау құрғалад
Жау жорғалайд,
Жау жол қарайд.
Қанды қанжар,
Оқтаулы кольт жеңінде.
Енді бұғып,
Тістерін жау қайрады.
Ит аузын
Қанды ұрттарын шайнады.
Оғын ұштап
Жұмысшы тап,
Бастық — штаб,
Көсемдерді
Аңдып оғын сайлады.
Қанаушы тап
Жауыз қара пиғылды;
Оғын сайлап
Кей жерге жау тығылды.
Жау сұм аңдап,
Атты таңдап, —
Біздің таңда-ақ.
Командирден
Бірнешеуі жығылды.
Біздің әскер
Оған сасып бұқпады.
Жасқанбады,
Жасып есі шықпады.
Тас боп пішін
Басып тісін,
Жиды күшін,
Қырмыз қызыл
Ленин туын жықпады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Майданнан майданға өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Майданнан майданға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Майданнан майданға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Майданнан майданға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері