Еркем – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Еркем» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.08.2022
  • 0
  • 0
  • 2536
(Көңілге)

Асау, тағы тұлпардай
Жұлынып жерді тарписың.
Жалындай жанып лапылдап,
Екпіндеп қаулап шалқисың.
Балдай еріп шаттанып,
Жібектей жұмсақ балқисың.
Аспанды, жерді құшуға
Сұңқардай көкте қалқисың.
Бал іздедің болмастан,
Кәне, еркем, таптың ба?
Бал дегенің не екен,
Удың дәмін таттың ба?
Бал іздеме, еркежан,
Қой, мазасыз, қой енді!
Улап бақтың бал іздеп,
Ая өзіңді, той енді!

1921 жыл, 28-қаңтар, Орынбор.
Бір. С. А.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері