Тау ішінде
Бұл бетте «Тау ішінде» атты Сәкен Сейфуллин жазған табиғат туралы өлең берілген.
Мен келем тау ішінде түнделетіп,
Аймақты күңірентіп өлеңдетіп.
Астымда ақ боз атым сылаң қағып,
Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп.
Қайырмасы:
Ақ боз ат менің тұлпарым,
Шалқыған көңіл сұңқарым.
Көкірек керіп жұттым мен,
Ауаның жазғы жұпарын.
Ә-әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.
Ән салдым есіп майда жаяулатып,
Ырғалтып, шырқап, толғап, баяулатып.
Толқынды мың құбылған әнімді естіп,
Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып.
Қайырмасы:
Ақ боз атым қояндай,
Еркелеп басар аяңдай.
Тербеді даусым ауаны,
Дыңылдап қалқып баяулай.
Ә-әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.
Әні мен сөзі: Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (1894-1938)
Толық нұсқасы:
Мен келем тау ішінде түнделетіп,
Аймақты күңірентіп өлеңдетіп,
Астымда ақ боз атым сылаң қағып,
Жалтақтатып құлақтарын елеңдетіп.
Ақ боз ат менің тұлпарым,
Шалқыған көңіл сұңқарым.
Көкірек керіп жұттым мен
Ауаның жазғы жұпарын.
Әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.
Ән салдым есіп майда жаяулатып,
Ырғалтып, шырқап, толғап, баяулатып.
Толқындай мың құбылған әнімді естіп,
Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып.
Ақ боз атым қояндай,
Еркелеп басар аяңдай.
Тербеді даусым ауаны
Дыңылдап қалқып баяулай.
Әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.
Ұйқыға әнімді естіп берілмессің,
Маужырап төсегіңде керілмессің.
Ақырын үйден шығып уәделі
Жеріңе келуге сен ерінбессің.
Ақ боз ат қарар елеңдеп,
Үйіңнен шығып көлеңдеп,
Асығып келсең мөлдіреп,
Бүркенген шапан желеңдеп.
Әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.
Торғындай перде болар түнгі мұнар,
Ерніңнен ішкен балға қанбас құмар.
Құшақтап қанша сүйсең келген сайын,
Шалқыған шіркін көңіл емес тынар.
Ақ боз ат қарар елеңдеп,
Үйіңнен шығып көлеңдеп,
Асығып келсең мөлдіреп,
Бүркенген шапан желеңдеп.
Әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.
Торғындай перде болар түнгі мұнар,
Ерніңнен ішкен балға қанбас құмар.
Құшақтап қанша сүйсең келген сайын,
Шалқыған шіркін көңіл емес тынар.
Ақ боз ат қарақ елеңдеп,
Үйіңнен шығып көлеңдеп,
Асығып келсең мөлдіреп,
Бүркенген шапан желеңдеп.
Әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.
Керемет
өте керемет әрине
Сәкен Сефулиннің өлеңдері маған ұнады.
Өте керемет
Өте мағыналы сөз екен
маған Сәкен Сейфуллиннің тау ішінде өлеңі ұнадыма.
Сәкен Сейфуллиннің Тау ішінде өлеңі маған ұнады
Ары карай жокпа неге катеееее????????????????????????
Несі дұрыс емес? әп әдемі бәрі дұрыс!
Жақсы екен бірақ жалғасы жоқпа ????
Қатеееееее
Админдерге рахмет толықтырып, толық нұсқасын қосқандары үшін!!!
Өте керемет мағынасында кате емес.
Рахмет
Димашқа рахмет,осы өлеңді қайта жандандырған
Тау ішінде - Димаш
Маған тау ішінде әні қатты ұнайды мен қайта-қайта ести бергім келеді.Рахмет Димашқада осындай өлендерді дуеттеп шығарып жатқанына
Өте ұнады
Лгопғеүе
Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» өлеңі — қазақ поэзиясының рухани әрі көркемдік қуаты бар тамаша шығармасы. Бұл өлеңде табиғат пен адам сезімінің үйлесімі, жүректің тебіренісі көркем тілмен көрініс табады.
«Тау ішінде» — қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы Сәкен Сейфуллиннің табиғат пен адам сезімінің үйлесімін терең әрі әсерлі түрде жеткізген өлеңі. Өлеңде ақын таудың ішінде түнделей жүріп ақ боз атты тұлпарымен әсерлі сапарға шығып, табиғаттың тынысы мен жүрек лүпілін үндестіре жырлайды. Бұл шығармада жастардың рухани толғанысы, шабыт пен махаббат құйқасы, табиғатпен үн қатысы айшықталған, бұл оқырманға терең философиялық ой сыйлайды.
Өлеңнің көркемдік бейнелері мен сөздердің үйлесімі қазақ поэзиясының шеберлігін паш етеді, оқырманға жырдың эмоционалды әсерін сезіну мен табиғатқа деген сүйіспеншілікті нығайтуға мүмкіндік береді. Осы туындыны оқып, қазақ поэзиясының рухани байлығы мен көркемдік құндылықтарын тереңірек түсінуге болады.
Өте мағыналы
Димашқа рахмет