Карта ойнау кезіндегі Тұманбай көкеме мінездеме – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Карта ойнау кезіндегі Тұманбай көкеме мінездеме» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2021
  • 0
  • 0
  • 945
Столыңды саусақпен сырт еткізе қатты ұрып,
қиғаш тастап картасын, қырын қарай лақтырып,
қолы жүріп бергенде күлмең қағып Тұмекең,
әндетеді-ау дейсің бір арғымақ жал ат мініп.
Айналамда келесі сап тыйыльш жаңағы ән,
абыржып-ақ қалады әлгіндегі нән ағам.
Ойыны ғой картаның,
карта деген бүл итің
кімнің ғана, Құдай-ау, көңіліне қараған!
Қойнына кеп кіргендей сиықсыздау бір кемпір,
Қалмайды енді ағамда әлгіндегі түрден түр.
Әлденені күбірлеп, күрмеле ме, қайтеді,
Қара тастың өзін де қиып түсіп жүрген тіл.
Карта дейтін шіркінге қандай ғана дауаң бар,
Қарап тұрып көкемнің қабағынан жауар қар.
Мәткені де, валетті алып жатар қос-қостан,
Қалып жатыр жауапсыз қаншама бір сауалдар.
Карта дейтін пәлеңіз қарамайды беделге,
қарамайды, қайтесің Тұманбаймын дегенге. —
Шарықтатып біресе шың басына шығарып,
Домалата салады тағы бірде төменге.
Қарамайды бұл итін, талантыңа, дарынға,
Құлағына кірмейді күйінгенің, зарың да.
Алып та қал сондықтан, шалып та қал,
Тұмеке, қолың жүріп тұрғанда, көзіріңнің барында!
...Кезегімен картаңыз айналғанда тағы бір,
Тұмекеңнің қайтадан жанып беріп бағы-дүр,
Әндетсе де түнімен, әр кетсе де түрінен,
Ұтып шығар түбінде Сәкеніңді бәрі бір!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Карта ойнау кезіндегі Тұманбай көкеме мінездеме өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Карта ойнау кезіндегі Тұманбай көкеме мінездеме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Карта ойнау кезіндегі Тұманбай көкеме мінездеме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Карта ойнау кезіндегі Тұманбай көкеме мінездеме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері