Сен неге мұңаясың, жаным, Гүлiм – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сен неге мұңаясың, жаным, Гүлiм» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1265
Гүлбаршынға

Сен неге мұңаясың, жаным, Гүлiм,
Түсiнер менен басқа халiңдi кiм?..
Сал-сəуiр сарсағымға айналса да
Санасы саяз тартпас сабырлының.
Аққу да сыңарынан айрылғанда
Ұқсайды қанатынан қайрылғанға.
Өмiрге адам болып келгеннен соң
Не жетсiн қуанғанға, қайғырғанға...
Көзiңнен бал-бұл ұшып iзгi арманың,
Жүрекке жүк түскенде сыздар жаның.
Түсiнсең жарар едi-ау ертелi-кеш
Соңында жауған қардың ызғар барын...
Көзiнде тұрғанымен жанып ұшқын,
Сырласы ғазиз жанның – сағыныш, мұң.
Тозаққа көрген емес барып ешкiм,
Лəззатқа көрген емес қанып ешкiм.
Басыңнан бақиға ұзап озғанша күн
Бақытты – қолыңды Айға созған шағың!
Үзiлген үмiтiңдей болмасыншы
Жүзiңнен сырғып аққан көзмоншағың.
Қарғам-ау, қанат қайда, талап қайда?
Екi шек,
Шанақ бойлап əн ақпай ма?!
Санаңды жуып-шайып шапағымен
Қараңғы түндi қуып таң атпай ма!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен неге мұңаясың, жаным, Гүлiм өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сен неге мұңаясың, жаным, Гүлiм өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен неге мұңаясың, жаным, Гүлiм өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен неге мұңаясың, жаным, Гүлiм өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері