Мен өлсем – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мен өлсем» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3733
(Лесбай Оспановқа)

Мен өлсем, жамағаттар, жиналмаңдар,
Мен үшін уақытша қиналмаңдар.
Біреулер жыламсырап сөз сөйлесе,
Егіліп тұр екен деп иланбаңдар.
Сөйлесе сөйлер көбі тек өтірік,
Қаншама кемісімді көре тұрып.
Тура би Төле бидей тіліп түсер
Тура сөз кім айтады кең отырып?
Өліп ем, жиналдыңдар бір-ақ күнде,
Жабығар жұбайым да жылап түнде.
Қырқымды өткізгенде-ақ үғарсыңдар,
Айнымас жүрек кімде, тұрақ кімде?
Өлді деп бос қайғырып не етесіңдер?
Ертең-ақ тез ұмытып кетесіңдер.
Қаншама паң болсаң да, хан болсаң да,
Өмірден өздерің де өтесіңдер.
Қайтейін, тіршілікті қимай барам,
Мекенім енді мәңгі – мидай далам.
Біреуге бір жақсылық жасай білсем,
Сыйласа, сол-ақ үшін сыйлайды адам.
Мен үшін жиналмаңдар өре тұрып,
Лепіртіп мақтамаңдаңдар тек өтірік.
Тап ертең өздерің де өлесіңдер,
Қимастай бір пендені көме тұрып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен өлсем өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мен өлсем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен өлсем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен өлсем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері