Ағайындар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ағайындар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4334
Атыңнан айналайын,
Аңсамас қайда ағайын?
Сағынып бара қалсаң,
Айран да, май да дайын.
Жайылып дастарқаны,
Алдыңа ас тартады.
Қайнайды қара қазан,
Шығып бір тас-талқаны.
Қымызға кілкіп керден,
Келіндер іркіп берген.
Сыйлы орын ұсынады,
Інілер үркіп төрден.
Жазылып қабағы бір,
Жүздерде жанады нұр.
Ән мен жыр ақтарылып,
Қағады дала дүбір.
Бура сан балтырлары,
Жігіттер нар тұлғалы.
Қызғалдақ қарындастар –
Ауылдың алтындары.
Ақ жейде, ақ шапандар –
Ақылшы ақсақалдар.
Айтылып аталы сөз,
Атады ақша таңдар.
Құмарың тарқасын ба?
Шертіп күй тартасың да.
Жатасың аунап-қунап
Ағайын алқасында.
Сояды марқасын да,
Қояды торқасын да.
Ел іші алтын бесік
Ағайын ортасында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағайындар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ағайындар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағайындар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағайындар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері