Бояушы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бояушы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1279
Зәулім үйді көрдің бе!
Зәулім үйге ендің бе!
Құлпыртқан кім сол үйді!
Соған көңіл бөлдің бе!
Бөлмелері әр түсті:
Бірі – қанық сары түсті.
Бірі – қызғылт, бірі – ақ,
Бірі – алтын дән түсті.
Бірі – көктің ашығы,
Бірі – көктем жасылы.
Бөлмелердің бәрінде
Бояулардың асылы.
Әр белмеден шалқып нұр,
Жұртты өзіне тартып тұр.
Ішіне енсең – шыққысыз,
Сырдың исі аңқып тұр.
Салынып үй, сарайлар,
Ырза болса талайлар,
Оны сырлап құлпыртқан –
Бояушы апай, ағайлар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бояушы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бояушы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бояушы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бояушы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері