Жүрсең сен аясында Алматының – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жүрсең сен аясында Алматының» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1709
Жүрсең сен аясында Алматының,
Табасың саясында жанға тыным.
Қайтесің Қара теңіз, Қырымдарды?
Артық жер Алматыдан бар ма, күнім?
Қайыңды, қарағайлы бақтары бар,
Медеудей мың бұралған шатқалы бар.
Асқарлы Алатаудың рақатын
Көгінде аунап-қунап жатқан ұғар.
Көлің бе шортандайын шомылатын?
Қызуың басылғанша шомыл, ақын.
Арулар – айдын көлдің аққулары,
Қонады өзі келіп қолыңа күн.
Кафе ме қанып ішер іздегенің? –
Бұл жерде саналады жүздеп оның.
Шылымын бұрқыратып, виски сорып,
Шіреніп отырады қыз дегенің.
Қадалып қара көздер сүрмелеген,
Кейлектер көлбеңдейді бүрмелеген.
Ақ тондер аржағынан арайланып,
Туады толқып атып бірден өлең.
Асхана – арман орны Айнабұлақ,
Айнала ағып жатыр майда бұлақ.
Мас болып махаббаттың уытына,
Кетеді сұхбаттасып сайға құлап.
Қияннан көз тартады Көктөбесі,
Көктөбе – өмірдің гүл көктемесі.
Қана алмай қымызы мен қызығына,
Басына шыққан жанның кеткен есі.
Басқаның керегі не жұмағының?
Басқаның керегі не шырағының?
Аяулы Алматыда жүріп-ақ мен,
Ақтарам ағыл-тегіл жыр ағынын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрсең сен аясында Алматының өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жүрсең сен аясында Алматының өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрсең сен аясында Алматының өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрсең сен аясында Алматының өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері