Ара мен шыбындар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ара мен шыбындар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1769
Екі Шыбын қамданды ұшуға алыс елдерге,
Бірге ұш деп Араны да шақырды.
Тоты олрға сол жерде
Сырттай мақтап жырақты, бастарын да қатырды.
Шынында да аянышты жай еді:
Өз елінде бұларды
Қуып есін шығарды;
Тіпті бар ғой (ұялса адам қайтеді,
Ақымағы – ол үйдің):
Дәмі шырын тағамдарды сордырмай,
Дастарқанға қондырмай,
Шынылармен бетін бүркеп қориды,
Ал, лашықта өрмекшілер ториды.
«Жолың болсын, – деді Ара ілмектеп, –
Ал, маған
Өз жерімнен артық мекен болмаған.
Балыммен-ақ бөленгем зор құрметке –
Мейлі, кете беріңдер, ілеспеймін дүрмекке,
Болмасаңдар пайдалы еш жерге де,
Жақпайсыңдар елге де.
Қуанып тек өрмекшілер онда да,
Күтіп тұрар тор ғана.
Өз жерінде пайдалы еңбек еткендер
Елін тастап кеткен бе?
Пайдалы іс істеп сірә көрмеген,
Басқа жаққа барғысы кеп тұрады.
Бар жерде де жексұрын ғой ол деген,
Ондайларға кім қошемет қылады?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ара мен шыбындар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ара мен шыбындар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ара мен шыбындар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ара мен шыбындар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері