Ептібек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ептібек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1012
Естігенбіз Ептібек
Ертедеп-ақ епті деп.
Тақырыппеи бір ғана
Аты алысқа кетті деп.
Болмай жатып төселіп,
Бұйда жібін бос өріп,
«Жастық», «Жастық»,
«Жастық», – деп,
Жазды әуелі очерк.
Қосылам деп әлдіге,
Айтқап жырын әлгіде
«Жастық», «Жастық».
«Жастық», – ден,
Етті оп-оңай әңгіме.
Епең тегін емес-ті,
Мықтылармен теңесті.
«Жастық», «Жастық»,
«Жастық», – деп,
Жазып шықты повесть.
Нәрсе болса ұнаған,
Қынжылады кім оған?
«Жастық», «Жастық»,
«Жастық», – деп,
Жазды қалың роман.
Ептібектің сірә да,
Ептілігін сұрама.
«Жастық», «Жастық»,
«Жястық», – деп,
Жасады одан драма.
Шығарма үшін сазды бір
Еткен жоқ ол аз дүбір.
«Жастық», «Жастық»,
«Жастық», – деп,
Сценарий жазды бір.
Қарлықтырып дауысты,
Кәрілікпен қауышты.
«Жастық», «Жастық»,
«Жастық», – деп,
Бар талантын тауысты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ептібек өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ептібек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ептібек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ептібек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері