Қарға мен түлкі

Бұл бетте «Қарға мен түлкі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1432
/Бүгінгінің мысалы/

Ірімшікті тауып алып Қарға,
Қонды барып талға.
Оңашада бөлек
Ірімшікті жемек.
Мұны көріп, жақын келді Түлкі,
Ірімшікті алдап алу – құлқы.
Ішіне қулығын сақтап,
Сайрады Қарғаны мақтап:
– Керемет ең өзің қандай!
Төңкерілген көзің шамдай!
Жылтыраған жүнің қандай!
Сыңғыраған үнің балдай!
Әнші деп естіп едім,
Келдім соны естігелі.
Шырқап әсем әніңді,
Тебірентіп тәнімді,
Емірентіп жанымды,
Шын риза етші мені.
Қарға миығынан күліп қойды,
Түлкінің қулығын біліп қойды.
Қасындағы бір бұтаққа
Ірімшігін іліп қойды:
– Мен де естігем Түлкіні қу деп,
Талайды зар қақсатқан сұм деп.
Крыловтың заманы өткен,
Келмеске кеткен.
Мені алдай алмайсың,
Сөзбен арбай алмайсың.
Сылдырасын сөзің мейлі,
Ірімшікті өзім жеймін.
– Менен де өткен қу екенсің,
Менен де өткен сұм екенсің, –
Деп, Түлкі тайып тұрды,
Қарғаның алданбасын анық білді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарға мен түлкі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қарға мен түлкі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарға мен түлкі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарға мен түлкі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері